Иран билігі АҚШ пен Израильдің әскери соққылары салдарынан елде кем дегенде 1 332 адам қаза тапқанын мәлімдеді, олардың ішінде 180-нен астам бала бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір-Саид Иравани айтты. Оның сөзінше, әскери операциялар кезінде азаматтық нысандар да нысанаға алынған.
Дипломаттың айтуынша, шабуылдар салдарынан әуежайлар, мектептер, ауруханалар және басқа да азаматтық инфрақұрылымдар қиратылған.
Иравани Тегеран соғыс пен шиеленісті қаламайтынын, алайда ешқашан берілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау туралы мәлімдемесін басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласу деп бағалады.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен келісім жасауға ниеті жоқ екенін айтып, Тегераннан толық тізе бүгуін талап еткен.