Air Astana әуе компаниясы Сыртқы істер министрлігімен бірге ұйымдастырып жатқан рейстер Жидда – Атырау – Алматы бағытымен орындалады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кестеге сай, 7 наурызда Жиддадан Атырауға үш рейс ұшады. Ал 8 наурызға қараған түні Атыраудан Алматыға бірнеше рейс жоспарланған.
8 наурызда Жиддадан Атырауға тағы екі рейс ұшады, кейін жолаушылар Атыраудан Алматыға жеткізіледі. 9 наурызға қараған түні де Атырау – Алматы бағыты бойынша қосымша рейстер қойылған.
Сонымен қатар 8 наурызда әуе компаниясы өз тарапынан тағы бірнеше эвакуациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Компания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі өңірдегі соғыс қимылдары толық тоқтап, жағдай тұрақталғанға дейін қазақстандықтарға Таяу Шығыс елдеріне бармауға кеңес берген.