homepage
Фото: ашық дереккөзден

Emirates барлық әуе рейсін қалпына келтіреді

07.03.2026, 09:15

АҚШ пен Израиль және Иран арасындағы қақтығысқа байланысты алты күнге жабылған әуе кеңістігі қайта ашыла бастағаннан кейін Emirates әуе компаниясы рейстерін жақын күндері толық қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Қазір Дубайда орналасқан әуе компаниясы рейстерді қысқартылған кестемен орындап жүр. Бейсенбі күні Дубайдан шамамен 30 мың жолаушы ұшқан. Сенбіге қарай 83 бағыт бойынша күніне 106 рейс орындалады. Бұл компания бағыттарының шамамен 60%-ы .

Әуе кеңістігі толық ашылса, Emirates барлық бағыт бойынша рейстерін қайта іске қоспақ. Қазір сұраныс көп елдерге рейс саны артқан. Мысалы, Ұлыбританиядағы бес әуежайға күніне 11 рейс, Үндістанның тоғыз қаласына күніне 22 рейс жоспарланған. АҚШ-тың жеті қаласына да рейстер ашық. 
 

Теги: