homepage
фото: Ақорда

Қазақстанда отбасы омбудсмені пайда болады

06.03.2026, 17:07

Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай  өткен іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, елде отбасы омбудсмені пайда болатынын хабарлады. Бұл лауазым елде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің күшеюіне ықпал етуі керек деп санайды президент. 

“Отбасы омбудсмені президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады. Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді”, – деді ол.

Шараның соңында президент “елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін”  бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттады.