Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мереке күндері ауа райы тұрақсыз болады. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік өңірлерде боран соғуы мүмкін, ал оңтүстікте найзағай болуы ықтимал.
Метеорологтардың айтуынша елдің солтүстігінде минус 25 градус аяз болады. 11 наурыздан бастап орталық және шығыс өңірлерде де температура төмендейді.
Алайда, синоптиктер 2026 жылдың наурызы жалпы алғанда бұрынғыдан жылырақ болатынын айтады, елдің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болуы ықтимал.