Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Салтанатта әнші Димаш Құдайберген мен актриса Самал Еслямова арнайы марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары марапаты саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» ордені Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге табысталды. Ол бұл марапатқа түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.
Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» аталымы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі берілді.