homepage
Фото: ашық дереккөзден

102 кәсіпорын жалақы төлемей отыр

06.03.2026, 10:20

102 қазақстандық кәсіпорын 408 қызметкеріне 284 миллион теңге қарыз. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы мәлімдеді. Тексеріс кезінде мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбек инспекторлары жүргізген тексеру нәтижесінде бірқатар кәсіпорын қызметкерлерге тиесілі жалақыны уақытында төлемегені белгілі болды. Жалпы берешек көлемі 284 миллион теңге.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, тексерулер барысында еңбек заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталған. Осыған байланысты кәсіпорын басшыларына міндетті түрде орындалуы тиіс 707 ұйғарым берілді.

Сонымен қатар құқық бұзған ұйымдарға 89 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 354 қызметкердің құқығы қорғалып, оларға жалпы 253 миллион теңге жалақы төленді.