homepage
Фото: reuters

Трамп: Иранның жаңа басшысын таңдауға АҚШ араласуы керек

06.03.2026, 09:37

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның келесі жоғарғы көсемін таңдау процесіне қатысқысы келетінін мәлімдеді. Ол Иранға «бейбітшілік орнататын» жаңа басшы қажет деп санайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Дональд Трамп бұл пікірін Axios басылымына берген сұхбатында айтты. Оның ойынша, Иранда билік ауысуы мүмкін кезеңде Вашингтон шетте қалмауы керек.

«Олар босқа уақыт жоғалтып отыр. Хаменеидің ұлы ешкім емес. Мен Венесуэладағыдай жаңа басшыны таңдауға қатысуым керек», – деді Ақ үй басшысы.

Трамп бұрынғы жетекшінің саясатын жалғастыратын адам билікке келсе, жағдай өзгермейтінін айтып отыр. Оның пікірінше, ондай жағдайда АҚШ «бес жылдан кейін тағы соғысқа араласуға мәжбүр болуы мүмкін». Алайда, АҚШ-тың барлау қызметі Иранда билік түбегейлі ауысуы мүмкін деген болжамға күмәнмен қарайды.