homepage
Фото: senate.kz

Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты

05.03.2026, 17:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол Мемлекет басшысының атынан Иран халқына, сондай-ақ қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен әңгіме өрбітті.

Тараптар Қазақстан халқы Иранда болған қайғылы жағдайды күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

«Қазақстан қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ жарғысын сақтай отырып, саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді әрдайым қолдайды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол Қазақстан бейбіт диалогты қолдауға және тараптар арасындағы келіссөздерге ықпал етуге дайын екенін жеткізді.