homepage
Фото: ашық дереккөзден

Air Astana Таяу Шығысқа ұшуды тағы шектеді

05.03.2026, 16:13

Air Astana компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне ұшатын бірқатар тұрақты рейстерді уақытша тоқтату мерзімін тағы ұзартты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, Дубай, Жидда, Медина және Доха бағытындағы рейстер 10 наурызды қоса алғанға дейін ұшпайды. Сондай-ақ осы қалаларға билет сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.

Жолаушылар билеттерін 30 сәуірді қоса алғанға дейін қосымша ақысыз басқа күнге ауыстыра алады. Ал билетті толық қайтару мүмкіндігі 11 наурызды қоса алғанға дейін сақталады. Air Astana өкілдері компания Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отырғанын айтты.