Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп кетсе Маңғыстау облысына босқындар ағылуы мүмкін. Мұндай қауіппен бүгін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бөлісті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Депутаттың айтуынша, Иран халқының саны шамамен 100 миллионға жуық. Сондықтан елдегі жағдай күрделенсе, оның әсері Қазақстанға да тиюі мүмкін.
«Маңғыстауда босқындар саны көбеюі мүмкін. Тікелей теңізбен есептегенде 550–600 шақырым болады екен. Біз Еуропаны көрдік қой. Африка елдерінен қашқан босқындар үлкен теңіздерді әртүрлі қайықтармен кесіп өтіп жатыр. Суға кеткендер де болды. Оның қасында бұл – әлдеқайда қысқа жол». Сол себепті 100 миллионға жуық халқы бар Иранда жағдай күрделенсе, ол Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Сондықтан ол жақтағы жағдайдың жылдамырақ келісіммен аяқталатынына өте қатты мүдделі елміз», – дейді депутат.