homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Фотосессия соңы миллиондаған несие алумен аяқталды

05.03.2026, 15:31

Маңғыстау облысында 24 жастағы жігіт таныстарының телефонын фото түсірем деген сылтаумен алып, олардың атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу дерегінше, ол адамдардың телефонын уақытша пайдаланып, биометриялық тексеруден өткізу арқылы бірнеше онлайн несие алған. Алаяқтық әрекеттен үш адам зардап шеккен. Олардың арасында туысы мен ауылдасы да бар.

Келтірілген жалпы шығын 6 542 284 теңге. Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, алынған қаражатты қайтаруға уәде берді.

Сот оны бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сотталған адамға жәбірленушілерге 6 542 284 теңге материалдық шығын және шамамен 144 мың теңге сот шығындарын өтеу міндеттелді.