homepage
Фото: Ашық дереккөзден

СІМ: Мысырға баруды кейінге қалдырыңыз

05.03.2026, 12:36

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Мысырға және жалпы Таяу Шығыс елдеріне сапарды уақытша кейінге қалдыруға кеңес берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы мекеменің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.

«Мысырдың туристерді қабылдап жатқанын, әуе рейстері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын білеміз. Алайда жағдайды ескере отырып, азаматтарды шетелге шығу мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Егер мүмкіндік болып жатса, сапардан уақытша бас тартқан жөн», – деді Ерлан Жетібаев.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі қазіргі жағдайда жалпы Таяу Шығыс өңіріне баруды да уақытша шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, азаматтар сапар жоспарлағанда өңірдегі ахуалды ескергені дұрыс.