homepage
Фото: ашық дереккөзден

Путин Еуропаға газ жібермейміз деп "қорқытты"

05.03.2026, 09:37

Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақ ресейлік отынға шектеулерді күшейтсе, Мәскеу Еуропаға газ жеткізуді өзі тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайда Ресей басқа нарықтарға бет бұрғаны дұрыс, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Путин бұл туралы Кремльде Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесуде айтты. Оның сөзінше, Еуропада газ бағасының өсуі жеткізілім көлемінің қысқаруымен байланысты емес. Негізгі жеткізушілер — Алжир, АҚШ, Норвегия және Ресей — экспортты азайтпағанына қарамастан, баға шамамен 700 долларға дейін көтерілген.

Сонымен қатар газ нарығына Таяу Шығыстағы жағдай әсер етті. QatarEnergy компаниясы Рас-Лаффан энергетикалық кешеніне дрондар шабуыл жасағаннан кейін сұйытылған табиғи газ өндірісін тоқтатып, форс-мажор жариялаған.

Әлемдік сұйытылған газ экспортының шамамен 20% қамтамасыз ететін Қатардағы өндіріс тоқтағаннан кейін Еуропада газ бағасы шамамен 45% қымбаттады.