homepage
Фото: Vahid Salemi / AP

Иран тағы интернетсіз қалды

05.03.2026, 09:13

Иран аумағында интернет 100 сағаттан астам уақыт бойы толық істемей тұр. Мұндай мәліметті желідегі байланыс жағдайын бақылап отыратын NetBlocks қызметі жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қызметтің мәліметінше, ел тұрғындары төрт күннен астам уақыттан бері интернетке кіре алмай отыр. Бұл жағдай елдегі байланыс желілеріне орталықтан шектеу қойылғанын аңғартады.

Иранда интернетті бұғаттау бұрын да бірнеше рет болған. Соңғы рет билік мұндай шектеуді қаңтар айында енгізген. Сол кезде ондаған мың адам билікке қарсы наразылық білдіріп, көшеге шыққан еді.