homepage
Фото: Ақорда

Қазақстан «Бейбітшілік кеңесіне» 1 млрд доллар аударды ма

04.03.2026, 16:47

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан «Бейбітшілік кеңесіне» әлі қаржы аудармағанын айтты. Оның сөзінше, әзірге мәселе қаржылай емес, гуманитарлық қолдау көрсетуге қатысты болып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан тарапынан дәрігерлерді далалық госпитальмен жіберу, студенттерге грант бөлу және азық-түлік жеткізу сияқты гуманитарлық көмек қарастырылуда. Қазіргі уақытта елдің ұйымға қатысуының нақты қаржылық көлемі анықталған жоқ.

Айта кетейік, ұйым жарғысына сәйкес алғашқы үш жылда мүше болу тегін. Алайда елдер тұрақты мүшелікке ие болу үшін бірінші жылдың ішінде бір реттік 1 миллиард доллар жарна төлеуі тиіс.