homepage
Фото: ашық дереккөзден

Израиль Иранның жаңа басшысына сес көрсетті

04.03.2026, 14:28

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранда жаңа басшы тағайындалса көзін жоятынын айтып сес көрсетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Иран билігі Израильді жою саясатын жалғастыратын жаңа басшы тағайындаса, ол Израиль армиясының сөзсіз көздеген нысанасына айналады. Оның кім екені немесе қай жерде жүргені маңызды емес, – деп жазды Кац Х әлеуметтік желісінде.

Министрдің айтуынша, ол премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен бірге Израиль армиясына осы тапсырманы орындауға дайындалуды бұйырған.

Бұған дейін БАҚ Иранның Сарапшылар ассамблеясы Ислам революциясы сақшылар корпусының ықпалымен елдің келесі жоғарғы басшысы ретінде Али Хаменейдің ұлы Моджтабаны таңдағанын хабарлаған.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ірі әскери операция бастаған. Израиль бұл шабуылдардың мақсаты – Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу екенін мәлімдеді.

1 наурызға қараған түні Иранда жоғарғы көшбасшы Али Хаменейдің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Қазір аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр. БАҚ мәліметінше, зымырандар кей жерлерде әскери нысандармен бірге азаматтық инфрақұрылымға да тиген. Ал Иран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға соққы жасауда.