homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Қауіпті гаджет бүтін отбасыны үйсіз қалдырды

04.03.2026, 10:38

Ақтөбеде балалар бөлмесінде тұрған пауэрбанк жарылып, өрт шығып, бір отбасы үйінен айырылды. Оқиға салдарынан үй толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Өрт балалар бөлмесінде болған жарылыстан кейін лезде бүкіл үйді шарпыған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер тез жеткенімен, қаулаған жалыннан үй түгел өртеніп, отбасының бүкіл мүлкі жанып кетті. Тек құжаттары аман қалған.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 28 ақпанда «Арман» тұрғын алабында болған. Отбасы мүшелері дін аман.

Оқиғадан кейін отбасы туыстарының үйіне уақытша көшкен. Қазір олар жаңа баспана іздеп жатыр.