homepage
Фото: polisia.kz

Ерекше балаға күш қолданған қызметкер қамалды

04.03.2026, 10:14

Алматыдағы оңалту орталығының қызметкерлері ерекше балаға күш қолданған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға түсіп, сосын әлеуметтік желіге тарады. Бейнежазбадан орталық жаттықтырушысы кішкентай баланың қолын бұрап жатқанын байқауға болады. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жеткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынады. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, - деп хабарлады департаменттен.

Жеке орталық дамуында ақауы бар балаларды түзетумен айналысады. Ата-аналар өз балаларына деген мұндай қарым-қатынасты бұрын да байқағандарын айтады. Ата-аналар орталық өз жұмысын бұлай жалғастыра берсе онсыз да дамуы тежелген балалардың бірі айтарлықтай зақым алуы мүмкін деп отыр.