homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Таяу Шығыстан елге 946 азамат жеткізілді

04.03.2026, 09:36

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жалғасып жатыр. Бүгін бірнеше арнайы рейс Қазақстан әуежайларына қонды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Air Astana әуе компаниясы Медина мен Жидда қалаларынан бірнеше рейс орындаған. 142 жолаушысы бар KC2202 рейсі Ақтауға кеше сағат 21:28-де қонды.

Ал Медина – Атырау бағыты бойынша KC2208 рейсі 01:19-да келіп, 145 адам жеткізілді. Жидда – Атырау бағытындағы KC2206 рейсі 02:50-де қонып, 174 жолаушы әкелген. Осы қаладан ұшқан тағы бір KC2204 рейсі Атырауға 03:34-те келіп, бортында 179 адам болған.

Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша Boeing 767 ұшағымен арнайы рейс орындап жатыр. Ұшақ шамамен 290 орынға есептелген. Қазіргі уақытқа дейін Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға жалпы саны 946 жолаушы қайтарылған.