homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев Оман сұлтанына рахмет айтып, елге шақырды

03.03.2026, 17:43

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесіп, қазақстандықтарды қақтығыс аймағынан Оман арқылы аман-есен алып шығуға тікелей ат салысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Мемлекет басшысы қиын кезеңде Оман халқына тілектестік білдіріп, өңірдегі ахуалға алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды Ақорда. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. 

Бүгін Оман сұлтандығы арқылы Дубайда қалған 467 азамат елге оралатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.