homepage

Оқушы қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген: Қостанай облысында ер адам сотталды

Juzmedia. kz
18.12.2024, 17:24

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында оқушы қызды зорлап, артынан тұншықтырып өлтірген тұрғынға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан анықталғандай, ер адам кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтіріп кеткен.   

«2024 жылдың маусымында сотталушы Г. мас күйінде физикалық күш көрсетіп кәмелетке толмаған жәбірленушіні зорлаған. Кейін жасаған аса ауыр қылмысты жасыру мақсатында оны тұншықтыру арқылы өлтіреді”, - делінген сот хабарламасында.

СОТТАЛУШЫНЫҢ АҚЫЛ-ЕСІ БҰЗЫЛҒАН БА?

Сотталушы Г. сотта өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамады.

Жәбірленуші тарап сотталушыға заңда көзделген ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде сот оның мас күйінде қылмыс жасағанын мойындады.

«Қылмыстық жауапкершілік мен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот оның ақыл-есінің бұзылуын, жас балаларының болуын, сондай-ақ кінәсін мойындап келуін ескерді», - делінген хабарламада. 

СОТ ҮКІМІ

«Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттердің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықты ескере отырып, сот Г.-ның жазаны ішінара қосу арқылы өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан айырып, жазаны ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу арқылы 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы мәлімделмеген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.