Израильдің барлау қызметі бірнеше жыл бойы Тегеранның қалалық бейнебақылау жүйесіне жасырын түрде қосылып, Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен оның күзетін бақылап келген. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Израильдің сыртқы барлау қызметі “Моссад” Тегранның көшелеріндегі камераларға ұрын қол жеткізіп, күзеттің жүру бағытын, жұмыс кестесін және нысанға кіру тәртібін зерттегені айтылады. Шабуыл алдында кешен маңындағы байланыс мұнаралары істен шығарылған. Кейін израильдік ұшақтар ғимаратқа жоғары дәлдіктегі зымырандармен соққы жасаған.
Дереккөздер мәліметінше, операцияға Орталық барлау басқармасы да ақпарат берген. 1 наурызға қараған түні Иран билігі Хаменеи қаза тапқанын хабарлады. Қазір аймақта қақтығыс жалғасып жатыр.