Елімізде балалар арасында қызылша ауруы көбейіп кетті. Дәрігерлер бұл инфекцияны «жеңіл өтетін балалар ауруы» деп қабылдамауға шақырады. Мамандардың айтуынша, қызылша асқынған жағдайда өкпенің қабынуына, жүйке жүйесінің зақымдануына және басқа да ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ерте жастағы балалар қауіпті топқа жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 6–10 айлық сәбилерге қосымша иммундау науқанын бастады. Сонымен қатар екпені уақытында алмаған балаларды вакциналау және алдын алу шаралары күшейтілген.
Дәрігерлердің пікірінше, қызылшадан қорғанудың ең сенімді жолы — вакцина алу. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Мамандар ата-аналарды дәлелді медицина қағидаттарына сүйеніп, балаларын уақытылы егілуге шақырады.