АҚШ президенті Дональд Трамп елдің қарулы күштерінде ұзақ соғысуға жететін, «шексіз» қару-жарақ қоры бар екенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«АҚШ-тың қару-жарақ қоры ешқашан дәл қазіргідей көп әрі сапалы болған емес. Соғысты тек осы қордың есебінен-ақ бітпесnей әрі жеңілмей-ақ жүргізуге болады», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Ол сондай-ақ заманауи қарудың едәуір бөлігі шетелдегі қоймаларда сақтаулы екенін айтты. Бұған қоса Трамп бұрынғы президент Джо Байденді сынап, оның Украинаға жүздеген миллиард долларлық қару-жарақ бергенін, бірақ оны қайта толықтыру мәселесіне көңіл бөлмегенін айтты.
«Мен бірінші кезекте армияны қалпына келтірдім және бұл жұмысты әлі жалғастырып жатырмын. АҚШ толық жасақталған әрі ірі жеңіске дайын», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін интернетте Cost of the Iran War («Ирандағы соғыс құны») атты сайт пайда болды. Онда АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жұмсалып жатқан шығындар нақты уақыт режимінде есептеледі. Қазіргі мәлімет бойынша, шығын көлемі 2 миллиард долларға жуықтаған.