homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

467 қазақстандық Оман арқылы елге оралады

03.03.2026, 09:29

Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы бүгін елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген Қазақстан азаматтары көршілес 2 ел аумағы арқылы шығарылады.

“Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз”, - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, Қатарда қалған қазақтар автобус арқылы Эр-Риядқа, одан Жиддаға жеткізілмек. Жиддадан Қазақстанға ұшып келеді. Сондай-ақ, бүгін Дубайдан 306 қазақстандық FlyDubai әуе компаниясы арқылы елге жеткізілді, деп хабарлады Көлік вице-министрі Талғат Ластаев. Оның айтуына, Air Astana мен Scat компанияларының 6 әуе кемесі аталған елден отандастырымызды алып келуге дайын тұр. 

“Қажетті резерв — 6 әуе кемесіне дейін бөлуге және әуе кеңістігінің ашылуына қарай жолаушылардың бәрін шығаруға дайынбыз. Бұл Оман, Жидда, Мединадағы жолаушылардың деректеріне байланысты. Жолаушылардың келуіне орай әуе кемелерінің санын реттейміз, — деді Талғат Ластаев.