homepage
Фото: ТЖМ баспасөзі

Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды

03.03.2026, 09:12

Ақтөбеде автогаз құю станциясының аумағында күшті жарылыс болып, артынша өрт тұтанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мекеме мәліметінше, 3 наурыз күні Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан АГҚС аумағында жерүсті резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарқ еткен. Соның салдарынан өрт шығып, жалын екінші цистернаға, газ тасымалдаушы көлікке және оператор ғимаратына тараған.

Құтқарушылар өрттің одан әрі жайылуына жол бермеу үшін күрделі жағдайда жұмыс істеді. Жалын толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды.