homepage
фото: ашық дереккөзден

Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалды, оның тағдыры белгісіз

02.03.2026, 19:00

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

"Қылмыскер премьер-министрдің кеңсесі және Израиль ӘӘК қолбасшысының орналасқан жері шабуылдардың оныншы толқыны аясында “Хайбар” зымырандарымен нысаналы әрі күтпеген соққыға ұшырады", – делінген мәлімдемесде. 

Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз. Израильдің ресми өкілдері бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған. Тель-Авив бұл соққылардың мақсаты – Тегеранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің қаза тапқанын хабарлады. АҚШ пен Израиль шабуылдарының салдарынан аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де қаза болған.

БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сонымен қатар Ислам Республикасындағы және аймақтағы басқа елдердегі азаматтық инфрақұрылым нысандарына да түсіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасауда.