2026 жылдың 2 наурызындағы мәліметке сәйкес Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға көбейген. Оның ішінде табиғи өсім – 15,8 мың адам, ал 2,3 мың адам – көші-қон нәтижесі. Статистикалық деректерге сәйкес, халық саны бойынша Алматы және Астана, Шымкент қалалары, Түркістан және Алматы облысы көш бастап тұр.
Биылғы жылдың 1 ақпанындағы дерек бойынша қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ал ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Былтыр елімізге 17 мыңға жуық қандас оралған. Олардың басым көпшілігі Өзбекстан, Қытай және Түркіменстаннан қоныс аударған.