«Қазақстанның қазіргі үкіметі жұмыс істеп жатқанына тура 7 ай болды, референдумнан кейін өзгерістер болуы мүмкін деген болжам бар”, - деп сұрады журналистер Президенттен.
«Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп, Мемлекет басшысы ретінде алға қойған міндеттерді орындап келеді, әрине, министрлердің де, үкіметтің де жұмысындағы кемшіліктерді атап өткім келеді, бірақ 7 ай аса үлкен мерзім болмағанымен Үкімет мүшелері өздерін көрсету керек. Басты міндет - еліміздегі экономиканың өсу көздерін табу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Әлихан Смайылов үкіметі отставкаға кеткен болатын. Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.