Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын кері шақырмақ. Бұл туралы БАӘ Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Тұрғын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді, бұл ұлттық тәуелсіздікті және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы», деп хабарлады ведомство.
Иранның Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған жаппай соққысы салдарынан үш адам қаза тапты, олар Пәкістан, Непал және Бангладеш азаматтары. Тағы 58 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Шабуыл кезінде Тегеран 165 баллистикалық зымыран қолданған, оның 152-сі жойылып, 13-і теңізге құлаған. Сондай-ақ екі қанатты зымыран ұшырылған, олар да атып түсірілді. Бұдан бөлек, БАӘ бағытына 541 ұшқышсыз ұшу аппараты жіберілді. Олардың 506-сы жойылды, ал 35-і ел аумағына құлады, деп мәлімдеді елдің Қорғаныс министрлігі.