homepage
фото: БҰҰ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізді

01.03.2026, 13:17

Таяу Шығыс төңірегіндегі жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларын, сондай-ақ Иранның қарымта шабуылдарын айыптады. Оның айтуынша, бұл әрекеттер Бахрейн, Ирак, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзған.

БҰҰ басшысы болып жатқан оқиғаларды «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген елеулі қатер» деп атап, дереу деэскалация жасауға шақырды.

Иран елшісі Амир Саид Иравани Тегеран өзін-өзі қорғау құқығы аясында әрекет етіп жатқанын және агрессия тоқтағанға дейін жауап шараларын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Ал, Израиль елшісі Дани Данон дипломатиялық мүмкіндіктер таусылғанда, қолға қару алудан басқа амал қалғанын айтады.