homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Мектепке жасалған соққыдан 148 ирандық оқушы қаза тапты

01.03.2026, 13:02

Иранның оңтүстігіндегі қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған соққы салдарынан қаза тапқан оқушылар саны 148-ге жетті. Бұл туралы Mizan агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

«Шаджаре Тайебе» мектебі Хормозган провинциясында орналасқан. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл кезінде мектеп ғимараты толықтай қираған.

Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Тель-Авив тарапы соққылардың мақсаты – Тегеранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу екенін айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін жариялап, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасауда. БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр.