homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2026, 11:16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекені халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн деп бағалады. 

Президенттің айтуынша, өзара құрмет пен жанашырлық – ұлт болмысына сіңген қасиет.

“Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді”, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ата-бабаларға тағзым етіп, ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет және қауіпсіздік саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жұмысшыларға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар мен еріктілердің еңбегін де атап өтті.