Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін жоғары көсемнің міндетін Иран президенті Масуд Пезешкиан қоса атқарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Марқұмның кеңесшісі, бірінші вице-президент Мұхаммед Мохбардың мәлімдеуінше, Иран Конституциясының 111-бабына сәйкес мұндай жағдайда өтпелі басқаруды президент, сот билігінің басшысы және Иран сақшылары кеңесінің бір мүшесі жүзеге асырады. Жаңа жоғары көсемді 88 дін қайраткерінен тұратын Үлемдер кеңесі сайлауы тиіс.
CNN телеарнасы аятолла Хаменеидің орнына келуі мүмкін бес тұлғаны атады. Олардың қатарында оның 56 жастағы екінші ұлы Моджтаба Хаменеи бар. Ол Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланыс орнатқан ықпалды тұлға ретінде аталады. Сонымен қатар Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары Әлиреза Арафи, кеңес мүшесі әрі Құм қаласындағы Ислам ғылым академиясының басшысы Мұхаммед Мехди Мирбагер, аятолла Рухолла Хомейнидің немересі Хасан Хомейни және Үлемдер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Хашем Хоссейни Бушери ықтимал үміткерлер ретінде көрсетілді.
Айта кетейік, Үлемдер кеңесі елдің жоғары көсемін осыған дейін бір рет қана сайлаған. 1979 жылы аятолла Рухолла Хомейни қайтыс болған соң оның орнына Әли Хаменеи келген. Ол Иранды 36 жыл басқарды. Tasnim агенттігінің мәліметінше, аятолла қазасынан кейін елде 40 күндік аза тұту жарияланды.