homepage
фото: ашық дереккөзден

Ирандағы қазақстандықтарға қауіп төніп тұр ма?

28.02.2026, 16:59

Ирандағы шабуылдан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, қазір Иран аумағында 96 қазақстандық жүр.

"Олардың 18-і - дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі - студент, 70 адам "Заркух" зауытында еңбек етеді. Алты қазақстандық Иранда жеке шаруасымен жүр. Қазір Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері Ирандағы азаматтарымызбен тұрақты байланыста деп мәлімдеді министрлік.