homepage
фото: Ашық дереккөзден

БАӘ әуе кеңістігін жапты: Дубайдан қазақтар елге ұша алмай жатыр

28.02.2026, 16:30

Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады. Сондай-ақ, бірқатар БАҚ Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Әбу-Дабиде жарылыстар болғанын хабарлап жатыр, зымырандар Әл-Дхафра авиабазасына соққы берген. Біріккен Араб Әмірліктері өз әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа қатысты 28 ақпандағы барлық рейстердің тоқтатылғанын хабарлады. Ал ұшып кеткен ұшақтар ұшып шыққан әуежайларға оралады немесе Таяу Шығыс аймағына жетпей қонатын болады. Атап айтқанда, KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері әуежайларға қайтып оралды. 

KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты. Ал, Дубайдағы Қазақстандықтарды елге орала алмай жатыр. Әуежайда жүрген бір топ қазақстандықтарды отандық әуе компаниялар қонақ үйге орналастыратынын айтқан. Сондай-ақ, әуежайдағы жолаушылармен жолығуға Бас консул келеді деп хабарланған.