Израиль Иранға қарсы алдын ала әскери қимыл бастағанын мәлімдеді. Елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл соққы мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алу үшін жасалғанын айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Иран мемлекеттік ақпарат құралдары Тегеран қаласының орталығында үш жарылыс болғанын хабарлады. Қала үстін қалың түтін басқан. Астананың шығыс және батыс бөліктерінде ұялы байланыс үзіліп, ғаламтордың жұмысы тұрақсызданған.
Жауап соққы болуы мүмкін деген қауіпке байланысты Израильде әуе дабылы қосылды. Елдің әуе кеңістігі азаматтық ұшақтарға уақытша жабылды. Арнайы тәртіп енгізіліп, білім беру мекемелері жабылды, көпшілік шаралар тоқтатылды, бірқатар кәсіпорынның жұмысы шектелді.