homepage
Фото: gov.kz

Шымкентте ер адам еттен сібір жарасын жұқтырған

28.02.2026, 13:19

Шымкент қаласында 75 жастағы тұрғыннан сібір жарасы анықталды. Алдын ала дерекке қарағанда, ол базардан сатып алынған ет арқылы жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кейін белгілі болғандай, етті қалаға бір шаруа қожалығы жеткізген. Ол алты ірі қараны сойып, өнімін сауда орындарына әкелген. Шаруа қожалығының иесі өзіне қарасты мал бордақылайтын орынды тексеруге жауапты органдарды кіргізбей отырғаны айтылды.

«Науқас стационарға түскен сәттен бастап толық тексеруден өтті. Қажетті зертханалық және арнайы құралдар арқылы жасалатын тексерулер тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша жұқпалы ауру диагнозы расталды», — деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.