Қазақстанда Болашақ бағдарламасы кеңейтіліп, енді оның аясында атом саласына қажетті мамандар даярланады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Шешім мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық еткен комиссия отырысында қабылданды. Сонымен қатар үміткерлерге қойылатын талаптар жаңартылып, халықаралық олимпиадалардың тізімі кеңейтілді. Жүлдегерлер енді осы бағдарлама арқылы шәкіртақы алуға үміткер бола алады.
Билік атом өнеркәсібін дамытуда кадр даярлау негізгі тетік болады деп отыр.