Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылысқа байланысты жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өңір басшысы зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындарына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын жеке бақылауына алды.
Қазіргі уақытта қаза тапқан 7 адамның отбасыларына материалдық қолдау көрсетілуде. Мемлекет тарапынан 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді. Сонымен қатар, дәмхана иесі өз еркімен әр отбасына қосымша 2 млн теңгеден аударып, жалпы өтемақы мөлшері 4 млн теңгеге жетті.
Көмек көрсету шаралары мұнымен шектелмейді:
Еске сала кетейік, Щучинск қаласындағы бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ жарылып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Барлығы 28 адам зардап шегіп, оның 13-і ауруханаға жатқызылған.