homepage
Фото: Ақ үй

Трамп үшінші рет сайлануға емеурін білдірді

28.02.2026, 10:13

Дональд Трамп Техаста жақтастарының алдында сөйлеп тұрып, қажет болса тағы бір мерзімге қалуға «құқығы бар» екенін айтты, деп хбаралайды Juzmedia.kz. CNN-ге сілтеме жасап.

Ол 2020 жылғы сайлауда өзіне қарсы әділетсіздік болды деп санайды. Сол жолы жеңіс Джо Байден еншісіне тиген.

Алайда АҚШ заңына сәйкес, бір адам президент болып екі реттен артық сайлана алмайды. Бұл талап АҚШ Конституциясына 22-түзету арқылы бекітілген.

Соттар мен сайлау органдары 2020 жылғы дауыс беру қорытындысын қайта-қайта қарап, жаппай заңбұзушылық болғанын дәлелдейтін айғақ таппаған. Соған қарамастан, Трамп сол сайлаудың әділ өткеніне күмән келтіріп келеді.

Ол бұған дейін екі мерзім қағидатын қолдайтынын айтқан еді. Сондықтан қазіргі сөзі нақты қадамнан гөрі, жақтастарына бағытталған саяси ишараға көбірек ұқсайды. АҚШ-та үшінші мерзімге жол ашу үшін Конституцияны өзгерту керек, ал бұл оңай шаруа емес.