Әлеуметтік желіде әлемге танымал әнші Энрике Иглесиастың Қазақстанда концерт беретінін меңзейтін тизер тарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
GET READY («дайын бол») деген жазуы бар бейнежазбаны Ticketon.kz платформасы жариялаған.
Алайда әншінің ресми enriqueiglesias.com сайтындағы гастрольдік кестеде Қазақстанға жоспарланған концерті көрсетілмеген. Қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Сондықтан концерттің нақты өтетіні немесе өтпейтіні туралы ресми хабарлама шыққанға дейін ақпаратты абайлап қабылдау қажет.