homepage
Фото: inp.polri.go.id

Индонезиялық комиссар: Күдікті қашуға тырысты

27.02.2026, 15:19

Атырауда қатыгездікпен өлтірілген ерлі-зайыптылардың ісіне қатысты күдіктілер, отбасының кіші қызы мен күйеу баласын ұстау үшін Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі жұмылдырылған. Индонезия полициясы Ломбок аралындағы қонақүйге арнайы операциямен кірген кезде қылмыстық іс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алайда ол оқиға орнында ұсталған. Бұл туралы комиссар Рикки Пурнама айтты.

Күдіктілер – Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Бали аралына 2025 жылдың 14 желтоқсанында Куала-Лумпур арқылы ұшып барған. Кейін Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Қазір Индонезия тарапы екі күдіктіні Қазақстанға депортациялауға дайындалып жатыр. Бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оларды ұстау сәті түсірілген бейнежазбаны жариялаған.