homepage
Фото: Ақорда

Сербия Президенті «Алтын Қыран» орденімен марапатталды

27.02.2026, 14:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичті мемлекеттік награда – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысы Вучичті халық қолдауына сүйеніп, елін алға бастап келе жатқан көшбасшы әрі беделді саясаткер деп бағалады.

«Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру аса маңызды. Біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз», – деді Президент.

Александр Вучич бұл марапаттың өзі үшін зор мәртебе екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.