homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

СҚО-да кәсіпкер бопсалау арқылы 1,8 млрд теңге тапқан

27.02.2026, 10:36

Тергеу барысында күдіктінің 2013–2025 жылдар аралығында мүлікті кепілге алып, пайызбен қарыз бергені анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметіне сүйеніп.

Алайда оның мұндай қызметпен айналысуға лицензиясы болмаған. Ай сайынғы сыйақы мөлшерлемесі қарыз сомасының 5–10 пайызын құраған, бұл жылдық есепте 60–120 пайызға тең.

Сонымен қатар ол қарыздарды жасыру және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сатып алу-сату жөнінде жалған шарттар рәсімдеген. Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 1,8 млрд теңге табыс тапқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қарыз алушыларға жүйелі түрде күш көрсетіп, психологиялық қысым жасап, ақша немесе жылжымайтын мүлік беруге мәжбүрлеген.

Сот санкциясымен қылмыстық табысқа алынған, жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынды. Тәркіленген мүліктің қатарында екі пәтер, екі тұрғын үй, жер телімі және екі автокөлік бар.