homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Ауғанстан Пәкістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады

27.02.2026, 10:03

Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид елдің Пәкістанға қарсы әскери операция бастағанын айтты. Оның айтуынша, бұл қадам Пәкістан тарапынан жасалған әуе соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Муджахидтің сөзінше, операция барысында Пәкістанның екі шекара бекеті бақылауға алынған. Қазір аталған аймақтағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Исламабад әзірге ресми мәлімдеме жасамады.

22 ақпанда Пәкістанның ақпарат министрлігі қарулы күштер Ауғанстанмен шекара маңындағы жеті «лаңкестік лагерьге» соққы жасағанын хабарлаған еді. Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамының дерегіне сәйкес, сол шабуыл салдарынан 18 адам қаза тауып, көптеген адам жараланған.

Қос тарап арасындағы шиеленіс шекара маңындағы қауіпсіздік ахуалына байланысты ушығып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз.