Щучинск қаласында, Бурабай ауданы аумағында тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылып, арты алапат өртке ұласты. Алты адам ажал құшты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құтқарушылар жанып жатқан нысаннан сегіз газ баллонын алып шыққан, оннан астам адамды эвакуациялады. Алдын ала деректерге сүйенсек, шамамен жиырмаға жуық адам түрлі жарақат алған. Алты адам ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Жалын толық сөндіріліп, үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қайғылы жағдайдың нақты себебі анықталып жатыр. Облыстық ТЖД жанынан жедел байланыс желісі іске қосылды: 8 (7162) 514-298.