2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 26,36 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіш бір жылда 16,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне сүйеніп.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражат көлемі 24,81 трлн теңгеге жетті. Бұл бағыттағы өсім 12 айда 14,4 пайыз болған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақтар 736,07 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 13,2 пайызға артқан.
Жыл басынан бері зейнет жасына байланысты төленген қаражат көлемі 17,30 млрд теңгені құрады.