homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада үлестік құрылыстардың ісі сотқа өтті

26.02.2026, 16:05

Астанада «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысына қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар тиісті рұқсат құжаттарын алмай-ақ азаматтардың қаражатын құрылысқа тартқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалалық прокуратураның дерегіне сүйенсек, жиналған қаржы мақсатты түрде пайдаланылмаған, ал нысандардың құрылысы талапқа сай жүргізілмеген. Соның салдарынан 426-дан астам отбасы 8,2 млрд теңге көлемінде шығынға ұшыраған.

Сот шешімімен 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 коммерциялық нысанға және 49 автокөлікке тыйым салынды. Іс бойынша 12 күдіктіге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.